30 тамызда Қазақстан халқы маңызды мемлекеттік мерекелеріміздің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеді. Осыған орай Балқаш сервис колледжінде "Тәуелсіз Қазақстанның - жетістіктері" атты кураторлық сағаттары өткізілді. Өткізудің басты мақсаттары студенттерге Ата заңның қаншалықты маңызды екенін түсіндіру, оның жалпы мемлекеттің дамуында алатын рөлін айқындап көрсету.
Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының сенімді кепілдігі, сондай-ақ мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басамыз.
ҚР Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы деп білеміз.