Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Дене шынықтыру сабағы. Шаңғымен сап түзеу. Шаңғы спорты дене тәрбиесінің ең маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Дене шынықтыру сабағы. Шаңғымен сап түзеу.
Шаңғы спорты дене тәрбиесінің ең маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Шаңғы дайындығы өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды және сауықтыру мәнге ие болады. Біріншіден, шаңғы жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Денесі мықты жетілген және шыныққан бала сирек ауырады.

Екіншіден, өсу мен даму жүйесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады.

Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Соңында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды. Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн.

Шаңғы дайындығының басты талаптардың бірі - дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Қозғалыс дегеніміз - өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 16 ақпан
Кәсіби бағдар кестесі

"Балқаш сервис колледжі"КММ- нің кәсіби бағдар беру кестесі

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 16 ақпан
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 16 ақпан
Кітап оқуды насихаттау үшін жоғарғы деңгейде кітапханалық сабақтар, кездесулер, ауызша журналдар, сайыстар, ертеңгіліктер жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, оқырмандар сусындайтындай, ой - пікір туғызатындай іс-шаралар атқарылып келеді.

Кітап оқуды насихаттау үшін жоғарғы деңгейде кітапханалық сабақтар, кездесулер, ауызша журналдар, сайыстар, ертеңгіліктер жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, оқырмандар сусындайтындай, ой - пікір туғызатындай іс-шаралар атқарылып келеді. Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру, оның ішінде балаларға қызмет көрсететін қала кітапханасы дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін колледжіміз жыл бойы Балқаш қаласының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұжымымен тығыз байланыста болып, бірнеше іс- шаралар атқарылды. Сондықтан берілген "Алғыс хат" "Колледж - Кітапхана" ынтымақтастығын нығайта түсері сөссіз

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 16 ақпан
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 — мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.

Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Осыған орай "Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу" атты тәрбие сабағы өткізілді. Ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

87103647222
pl2licey@mail.ru
г. Балхаш, ул. Алимжанова, 9
https://bks.mycollege.kz/