Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алу, есірткі мен психотроптық заттар қолдануды болдырмау мақсатында,апталық аясында Балқаш қаласының ПБ ЕҚҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция ага лейтенанты Шәкарым Н.Е және Ювеналды инспектор Нурбек А.А кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуде жасөспірімдерге ұрлық, есірткі саудасы,наркографитчик туралы ақпараттар берілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастарға қылмыстық жауапкершілік туралы толыққанды мағлұмат берді. Болашақта келеңсіз жағдайға тап болмас үшін, әлеуметтік желіде сақ болуға шақырды