Дін саласындағы келеңсіздіктердің алдын алуда, діни экстремизм мен терроризммен күресуде діни сауатсыздыққа жол бермеу, қайта діни сауаттылыққа күш салу аса маңызды. Дәстүрлі дінімізді оқып-үйрену мүмкіндіктерін молайтып, жалпы діни сауаттылықты отбасы, мектеп, қоғам болып қолға алу, діннен қорықпай, жасөспірімдерге дұрыс діни таным қалыптастыру мемлекетіміздің қауіпсіздігі тұрғысынан уақыт ұттырмайтын қажеттілік. Осы орайда 25 мамыр күні колледж қабырғасында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде студенттер көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды деген ойдамыз