Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ
ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.
«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.
Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.
Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.
Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.
Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.
Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.
Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.
Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.
Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.
Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2021 ж. 15 наурыз
Кәсіби бағдар кестесі

"Балқаш сервис колледжі"КММ- нің кәсіби бағдар беру кестесі

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 15 наурыз
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 15 наурыз
Кітап оқуды насихаттау үшін жоғарғы деңгейде кітапханалық сабақтар, кездесулер, ауызша журналдар, сайыстар, ертеңгіліктер жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, оқырмандар сусындайтындай, ой - пікір туғызатындай іс-шаралар атқарылып келеді.

Кітап оқуды насихаттау үшін жоғарғы деңгейде кітапханалық сабақтар, кездесулер, ауызша журналдар, сайыстар, ертеңгіліктер жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, оқырмандар сусындайтындай, ой - пікір туғызатындай іс-шаралар атқарылып келеді. Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру, оның ішінде балаларға қызмет көрсететін қала кітапханасы дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін колледжіміз жыл бойы Балқаш қаласының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұжымымен тығыз байланыста болып, бірнеше іс- шаралар атқарылды. Сондықтан берілген "Алғыс хат" "Колледж - Кітапхана" ынтымақтастығын нығайта түсері сөссіз

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 15 наурыз
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 — мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.

Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Осыған орай "Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу" атты тәрбие сабағы өткізілді. Ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

87103647222
pl2licey@mail.ru
г. Балхаш, ул. Алимжанова, 9
https://bks.mycollege.kz/