Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы – еліміз үшін нәтижелі болғанын, соның ішінде жастар саясатын іске асыру, талантты, дарынды жастарды қолдау әрқашан да мемлекетіміздің жіті назарында болғанын және бола беретінін айта кету керек.
Ағымдағы жылдың 02-03 желтоқсан күндері 2 күндік «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» атты тақырыпта колледж студенттермен арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: жастарға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру болып табылады.
Осы семинар «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік қызмет мектебі» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Бүгінгі кездесудің спикері болып Тоқатов Руслан Алтайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының сарапшысы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі қатысты.