2022 жылы 1 наурызда Балқаш сервис колледжінде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған Балқаш қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері: подполковник Татьков Иван Евгеньевичпен, лейтенант Джумабаев Амангельды Сериковичпен,
құтқарушы Абжанова Багдат Сатбековнамен
кездесу ұйымдастырылды.
ТЖБ қызметкерлері студенттермен «Қаншалықты аман қалу», «Үлкен өрт» тәрбие фильмдерін көрсету арқылы төтенше жағдайлардағы тәртіп ережелері туралы әңгімелесті.
Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жер сілкінісі кезінде және басқа да төтенше жағдайларда өмірді құтқарудың практикалық дағдылары туралы ақпарат алды.