Кондитерлер - түрлі торттар мен оларға кремдер, пірәндіктер, тәтті нандар мен басқа да десерттер, сондай-ақ шоколад пен қант қосылған кондитерлік өнімдер дайындайтын мамандар.
Кондитердің орташа жалақысы 100-120 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің химия саласында білімі болуы керек.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 3 жыл.
Өте шығармашыл және қызықты мамандық. Осы сала маманының есте сақтау қабілеті мен физикалық формасы жақсы (көп уақытты түрегеп тұрып өткізеді), дәм сезу рецепторлары мен иіс сезгіштігі өте жақсы болуы керек. Жеке қасиеттеріне келетін болсақ, болашақ кондитер жауапты, таза және командада жұмыс істей білуі керек.
Жас маман заманауи жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларының болмауы, тапсырыстарды орындау жылдамдығы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Кондитердің мансабы түрлі курстардағы біліктілігін арттыру курстарына, жаңа технологияларды мегеруіне байланысты. Қажет болса, уақыт өте келе мұндай маман өзі жұмыс істейтін кәсіпорында шеберхананы немесе бөлімді басқаруы мүмкін. Кондитердің әрдайым оқып-үйренуіне және алға ұмтылуына мүмкіндігі бар. Мамандық жауапты, технологиядан ауытқу немесе қауіпсіздік техникасын бұзу шеберге де, клиенттерге де зиян келтіруі мүмкін екенін әрдайым есте ұстаған жөн.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек