Туризм жөніндегі агенттер және тектес қызметтердің қызметшілері туристік бағыттар туралы ақпарат ұсынады, саяхаттардың маршруттарын әзірлейді, билеттерге және қонақ үйлерде мекендеуге броньды ресімдейді, жолаушыларды кетуі және келуі кезінде тіркейді.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− көліктің және қонақ үйде орналастырудың алуан түрінің болуы, құны және ыңғайлылығы туралы ақпарат алу, клиенттердің қажеттіліктерін анықтау және оларға сапарларды және саяхаттарды ұйымдастыру бойынша консультация беру;
− жергілікті және өңірлік көрікті жерлер, экскурсиялар, мейрамханалар, көркемөнер және ойын-сауық мекемелері туралы ақпарат ұсыну, сонымен қатар карталарды және ақпараттық брошюраларды ұсыну;
− саяхаттардың маршруттарын әзірлеу;
− саяхаттар, экскурсиялар және орналасу үшін броньдауды жүзеге асыру және растау;
− билеттерді, отырғызу талондарын және чектерді беру;
− клиенттерге қажетті сапар құжаттарын, атап айтқанда визаларды алуға көмек көрсету;
− сапар құжаттаырын тексеру және кетуі және келуі кезінде жолаушылар мен жүктерді тіркеу;
− шоттарды дайындау және төлемдерді алу.